21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні

21.02.2017
21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні

Ана тілінің халықаралық күні

1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО Бас Конференциясы 30-шы сессиясының шешімімен бекітілген және 2000 жылдың 21 ақпанынан бастап тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында аталып өтеді.

Халықаралық экскурсия жүргізуші күні

Экскурсия жүргізушілердің халықаралық федерациясының бастамасы бойынша жыл сайын әлемнің барлық экскурсия жүргізушілері және гидтері өткізеді. 1990 жылы WFTGA (World Federation of Tourist Guide Associations) президенті Титина Лоизидес алғашқы Халықаралық экскурсия жүргізуші күнін ұйымдастырушылардың бірі болған. 

Дүниежүзілік экскурссия жетекшісі күні

1990 жылдан бастап аталып өтеді. Қалың жұртшылықты экскурссия жетекшісі жұмысының маңыздылығы туралы хабардар етуді арттыру мақсатында (World Federation of Tourist Guide Associations (WFTGA) Дүниежүзілік экскурссия жетекшілері (гидтері) федерациясы құрылды.

25 жыл бұрын (1992) Атырау облысының Балықшы ауданындағы орта мектепке ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың есімі берілді.

99 жыл бұрын (1918-1991) қолөнер шебері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері ИЛЯЕВ Ғани дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу