Бүгін Ұлттық арнада отандық «Көзайым» телехикаясының тұсаукесері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арнада отандық «Көзайым» телехикаясының тұсаукесері

23.03.2017
Бүгін Ұлттық арнада отандық «Көзайым» телехикаясының тұсаукесері

Бүгіннен бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан отандық «Көзайым» телехикаясының көрсетілімі басталады.

Туынды сюжеті екі жастың арасындағы қарым-қатынасқа негізделген. Ауқатты отбасында дүниеге келген Еркебұлан Көзайым атты бойжеткенді өзіне қаратамын деп достарымен бәстеседі. Алайда, уақыт өте келе Көзайымға қалай ғашық болып қалғанын аңғармай қалады.

Ал, Көзайым болса, ғаламтор арқылы сөйлесіп жүрген Сұлтан атты жігітті ұнатады. Ол Сұлтанмен  «Coz I am» деген никпен араласатын. Арада сәл уақыт өткен соң, Көзайым Сұлтан мен Еркебұланның ағайынды екенін біледі.

Көзайым кімді таңдайды? Ағайындылар үшін бауыр маңызды ма әлде махаббат биік пе?

21:35-те Ұлттық арнада «Көзайым» телехикаясының алғашқы бөлімі.

Хабарламаларға жазылу