«Сенбілік таң» ОҚО Көкпар федерациясының президенті Ғани Ахметбаевтың шаңырағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» ОҚО Көкпар федерациясының президенті Ғани Ахметбаевтың шаңырағында

25.03.2017

Біз қазақ халқы «тегіміз - түркі, түлігіміз  - жылқы», деп өскен елміз. Шынында да, жылқы - қазақтың жаны мен қаны, қанатына баланған пырағы.

Бүгін «Сенбілік таңда» Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ОҚО Көкпар федерациясының президенті Ғани Ахметбаев отбасымен қонақта. Ол бағдарлама барысында  отбасы мүшелерімен таныстырып, бүгінгі жетістіктеріне қалай жеткендігімен бөлісті.

«Мектеп-интернатта оқыған кезде көптеген үлкен, сыйлы тұлғаларды көріп, солардай болсам деп армандайтынмын. Оған жету үшін көп оқып, еңбек ету керектігін білдім. Ең бастысы - халыққа қызмет ету. Отаныма азғантай болса да бір пайдамды тигізсем», дейді Ғани Ахметбаев.

Хабарламаларға жазылу