Қайырбек Құдайбердіұлының «жұлдыз ауруымен» ауырғанына 48 жыл болыпты. Дұрыс түсініңіз! Кейіпкеріміз кәдімгі төске қадайтын жұлдыз, орден, медальдар жинайды екен. Бүгінде жинаған коллекциясының саны 15 мыңнан асқан. Бір қызығы – олар ешбір қайталанбайды. Тек бір данадан. Әрқайсысының шығу тарихы бар.
«Жәдігерлердің барлығы мен үшін қымбат. Өйткені, бұл - біздің еліміздің тарихы. Коллекциямның 12 мыңын мұражайға өткізгенмін. Келешекте ұрпағымыз осындай жәдігерлерді көріп, сана-сезімдері ұлғайып, тарихымызды білетін болады», - дейді қария.