Сахна саңлағы, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері Айша Абдуллина бағдарлама қонағы болды.
Қасиетті өнер ордасына бүлдіршін шағында, нақтырақ айтсақ, 15 жасында кірген Айша апамыз 200-ден астам бейнені сомдап, сан мыңдаған көрерменнің көзайымына айналып, 95 жасында құрметті демалысқа шыққан болатын.
Анасынан ерте айырылған Айшаға өнердегі кумирі Күләш Бәйсеитованың өзі қамқоршы болған.
«Әр рөл жаныма жақын. Оны сенімді шығару үшін қаншама ізденесің, тер төгесің. Сол кейіпкер болып өмір сүресің. «Қыз Жібекте» – Жібек, «Қозы Көрпеш Баян сұлуда» – Баян», «Айман-Шолпанда» – Айман, «Ер Тарғында» – Ақжүніс, тағы басқа көптеген қойылымдарда басты рөлді сомдадым. Сондай-ақ, елімізде тұңғыш рет қойылған У. Шекспирдің «Отелла» қойылымында Дездемонаны ойнадым.
Қазір Қырғызстан Республикасында қызым Айгүл мен күйеу балам Сейіттің қолында тұрамын. Үлкен немерем, шөберем қарайды өзіме. Қазақстанға жиі келіп тұрамыз», - дейді Айша әже.