«Тәй-тәй шоу» жобасының екінші кезеңінде әрбір сәби көлікті итеріп, шытырманның жиектеріне соқтығыспай, кедергілерден уақытылы өтуі керек. Сол кезде бала әкесін судан құтқарады. Егер көлік шытырманның жиегіне тиіп кетсе, әкесінің үстіне шелек су құйылады. Берілген уақыт – 2 минут.
Екінші кезеңнің алғашқы сайыскері – Мұхамедәли Мелсұлы. Мұхамедәли жарыс жолына түскен бетте «көлігін» тастап, ойыншыққа жармасты. Алайда, Мұхамедәлі ойыншық зерттеп жүргенде, берілген уақыт аяқталды
Есімін Көбей батырдай болсын деп қойған Көбей Шерхан жарыс жолында өз ережесімен жүргісі келді. Аздап жылап та алды. Бірақ, жарыстың соңына дейін жетуге уақыт аздық етті
Ал, үшінші қатысушы Айкөркем Әбдіманап «көлігімен» асықпай жүрді, айналасын зерттеді. Қуыршақ қоянға да қызықты. Бірақ, уақыт шіркін бір орында тұрмайды
Төртінші қатысушы Батыржан Ермұхамбет жарыс жолына әжесімен шықты. Бірден әжесінің айтқанын тыңдап, ешқайда алаңдамай мәреге бірақ жетті. Екінші кезеңнің жетімпазы – Батыржан!