ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Гүлнәр Сиқымбаева қазір қайда жүр? Шығармашылығында қандай жаңалықтар бар? Бағдарлама жүргізушілері әншімен сұхбаттасты.
«Қыздар Мемлекеттік педагогикалық университетінде екі жылдың көлемінде сабақ беріп жүрмін. Бірақ, көңілімнің бәрі – сахна. Дегенмен, мойынсынуға тура келеді. Жастарды тәрбиелеу керек, оларға бағыт-бағдар беру керек. Сахнаға оралуым мүмкін. Оны ұмытқан емеспін», - дейді әнші.