Жат елде көрген қорлық Айдананы барлық нәрсенің бағасын білуді үйретті. Оң-солын танып үлгермеген бойжеткен бар жоғы 17 жасында жат елге кетеді. Көп ақша тапқысы келді. Бірақ6 ол өз басын қандай қатерге тіккенін білген жоқ.
«Ата-анам ажырасып кеткен. Мен анамның қолында өстім. 1 курсты бітіргеннен кейін Мәскеуге бала қараушы болуға ұсыныс жасалды. Анама ақшалай көмек көрсетіп, оқуымды өзім төлегім келіп, мен ол ұсынысты қабылдадым. Өзіміздің қазақтарға сеніп, олардан «қорлық көремін» деп ойламадым.
Мәскеуге бара салысымен құжаттарды, телефонымды тартып алды. Сол күнен бастап ұрып, соқты. Арақ ішкізді. 15 адам жұмыс істейді. Барлығы қазақтар. Бір-бірімізді ұрғызды. Тамақ бермейтін. Қоймада жаттық. Сауда жасауға мәжбүрледі. Аз сауда жасасақ, таяқтың астына алатын. Бет-ауызым тілінген, қолым, мұрыным сынған», - дейді Айдана.