Қазақстанда 1 млн. 200 мың адам банкке қарызын қайтармай қашып жүр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 1 млн. 200 мың адам банкке қарызын қайтармай қашып жүр (ВИДЕО)

08.04.2017

Қазір Қазақстанда 1 млн. 200 мың адам банкке қарызын қайтармай қашып жүр. Олардың берешегі - 1 трлн. 2 млрд. теңгеден асқан.

Сот орындаушылардың шағымы: «Халық ақша қайтаруға құлықсыз, ізім-ғайым жоғалғандарды іздейміз де жүреміз», дейді. Сол себепті борышкерлерді қара тізімге енгізіп, барлық есепшоттарын бұғаттап, тіптен шекарадан шетелге шығармай тастайды.

Астанада 150 жеке сот орындаушысы бар. Соның жартысына көбі күнделікті қарызын қайтармаған 4-5 үйге барады. Сот шешімі арқылы үй болса үйін, көлігі болса көлігін тәркілейді.

 «Сот шешімі арқылы тәркіленген мүлік саудаға қойылады. Ал, борышкердің қалған ақшасын айлығынан немесе басқа да табыс көздерінен ары қарай өндіруге әрекет жасаймыз», дейді сот орындаушы Айбын Өтегенов.

«Мәселені» толығырақ Айбар Төлжанұлы зерттеп көрді.

Хабарламаларға жазылу