Бүгінгі «Ән салады мамандар» жобасында бірінші болып «Тазалық сақшылары» тобы өнер көрсетті.
Олардың тәлімгері - «BN» тобының әншісі Айдын Жұмахан.
Алматының тазалығына жауапты мамандар «МузАрт» тобының «Өз елім» әнін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қазылар алқасының мүшесі Әбунасыр Серіков «Орындауларыңыздан қазақтың кең пейілін көрдім, жүрекпен айттыңыздар», деп ерекше ықыласын білдірді.