«Қазмедиа» орталығында «Қазақстан» ҰТА Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры Ерлан Атамбайдың жетекшілігімен «Ақпараттық сюжет» тақырыбында семинар өтті.
Шараның басты мақсаты – тележурналистердің кәсіби қабілеттерін дамытуға ықпал ету, сонымен қатар, саладағы кейінгі кезде кеңінен таралған үрдістер туралы ақпараттандыру.
Шара «Ақпараттық сюжет: Тақырым. Құрылым. Монтаж», «Не? Қайда? Қашан?» «Журналист пен оператор» атты үш бөлім бойынша ұйымдастырылды. Семинар бағдарламасы бойынша басымдық ақпараттық сюжет құрудың тәсілдері мен жолдарына берілді.