«Әйел бақыты». Қырықтағы еркектің қылығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Қырықтағы еркектің қылығы

12.04.2017

«Орда бұзар отыз жас, қамал алар қырық жас» деген мақалдың астарында не жатыр? Уақыт өте келе еркектер қалай өзгереді?

Бағдарламаға Болат атты азамат келді. Астанаға «ақша табамын» деп кеткен ол отбасын тастап, басқа әйелмен азаматтық некеде тұрған.

Қазір қайтіп өзінің отбасына қосылғысы келеді. Алайда, бірінші әйелі «ажырасамын, балаға алимент аламын» деп отыр.

«Мен 30 жасымда үйлендім. Әйелім ол кезде 28 жаста болды. Бір баламыз бар. Отбасылық жағдаймыз онша емес. Сондықтан, төрт жыл бұрын Астана қаласына құрылысқа жұмыс істеуге келдім. Жұмыс істеп, әйеліме ай сайын ақша жіберіп тұрдым. Кейін асханада жұмыс істейтін әйелмен танысып, сонымен тұрдым. Қазір қайта отбасыма қосылғым келеді. Алайда, әйелім қарсы», - дейді Болат.

«Әйел бақыты»

Хабарламаларға жазылу