Қара дуа – ауыр күнә. Дегенмен қорықпай, дәл осы сұмдықты жасататындар көп. Бағдарламаға келген Пернегүл дуа кесірінен әкесімен араласпай отыр.
«Отбасымда төрт қыз, бір ұл. Анам ерте қайтыс болды. Қырқы өтпей жатып әкемнің қарындасы екінші әйел алып берді. Біз қыздар барлығымыз үйленгенбіз. Бала-шағамыз бар, бөлек тұрамыз. Інім үйленбеген.
Сол үйленгеннен бастап әкем өзгерді. Қазір мүлдем араласпаймыз. Ол бізді іздемейді. Өгей шешем дуа жасатқан болар. Мен бақсыға бардым. Барлығымызға дуа істеген», - дейді Пернегүл.