Әнші Абай Бегей бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
Айта кетсек, бүгін елордада әнші «Сені ұмытқан жоқпын» атты ән кешін өткізеді.
«Әрбір әнші үшін концерт өткізу – үлкен жауапкершілік. Мен концертке 4 ай дайындалдым. Көп қиындықтар болады. Бүгінгі кеште 90 пайыз жаңа әндер орындалады. Қазақтың домбырасымен екі терме орындаймын. Маржан Арапбаева Ақбота Керімбекова, Дана Кентай, Ерлан Еспанов кеш қонақтары болады», - дейді әнші.