«Бүгін жексенбі» бағдарламасының осы аптадағы қонақтары:
Азамат Сатыбалды – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр актері, Зарина Кәрмен – актриса, Әлімхан Мырзахан – актер.
Қазақстандық киноиндустрия мен театр саласының даму барысы, алдағы аптада прокатқа шығатын жаңа туынды - «Бір сен үшін...» көркем фильмі туралы сұхбат береді.
Айдар Амангелдинов пен Ернар Амангелдинов – қолөнер шеберлері. Ағаш және былғарыдан қазақы нақыштағы түрлі бұйымдарды жасайтын ағайындылар. Өздерінің жеке кәсібінің арқасында 30 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазір «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне арнап қазақы бұйымдарды дайындауда.
Гүлмира Ақүрпекова - әнші. Сахна жұлдызы өзінің шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісіп, алдағы жоспарлары жайлы айтады.
1. «Кино.kz» айдары – отандық және әлемдегі соңғы жаңа туындыларға шолу.
2. «Махаббат хикаясы» - «Қозы көрпеш – Баян сұлу» күніне орай арнайы қойылым сюжет.
3. «Хайтек» айдары – технология әлеміндегі отандық және шетелдегі жаңа туындыларға шолу.
4. «Жексенбілік демалыс» - демалыс күніне арналған отбасылық жоспар. Демалысты қызықты өткізудің сырлары.
5. «Гүлдер құпиясы» - «Astana Interior Design» халықаралық көрмесі аясында гүл өсіру мен көгалдандыру саласындағы жаңашылдықтар мен жетістіктер жайлы айтылады.
5. «Вайнерлер» - қысқаметражды қызықты бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыру арқылы танымал болған жандар жайында.
16 сәуір 09:30 – 11:15 аралығында Ұлттық арнадан көріңіз.