Ертеңнен бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «1 студия» атты қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңнен бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «1 студия» атты қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге шығады

15.04.2017
Ертеңнен бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «1 студия» атты қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге шығады

Ертеңнен бастап әр жексенбі сайын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «1 студия» атты қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге шығады. Бағдарламаның жүргізушісі – белгілі тележурналист, қоғам белсендісі Берік Уәли.

 

Жаңа бағдарлама тұжырымдамасына сай, берілген тақырыпты талқылауға төрт спикер қатысады. 

 

Жоба үш бөлімнен тұрады:

 

1-бөлім «Дат». Тараптар тақырып бойынша өздерінің датын айтады. Арнайы ведомство тарапынан келген мамандар уәжін айтады. Бұл бөлімде сөз жарысқа немесе сұрақ-жауапқа жол берілмейді.

 

2-бөлім «Айғақ немесе дәлел». Тараптар өздерінің ұстанымдарына қатысты, яғни, датқа немесе уәжге дәлел келтіреді.

 

3-бөлім «Түйін». Жүргізуші айтылған ой-пікірлерді ескере отырып қорытынды жасайды.

 

 «1 студия» бағдарламасының алғашқы хабары жексенбі 20:00-де эфирге шығады.

 

Ұлттық арна қосулы болсын!

 

 

Хабарламаларға жазылу