«Парасыз жұмыс жүрмейді. Ал, тиын-тебен бермесең сол жұмысты таппайсың да». Жұрт осылай пайымдайды. Мұны тіптен Бас прокурордың өзі мойындап отыр.
«Күн сайын маған біреулер жұмысқа ал деп өтініш айтады. Түйіндемелерін сыйлағысы келеді. Жастар арасында аға, көкелер сәнге айналған сияқты. Қалыпты құбылыс ретінде қарсылық танытсаң таң қалады. Бұған олар емес, әуелі өзіміз кінәлі», деген болатын Бас прокурор.
Жұмысқа пара бермей-ақ орналасуға бола ма? Бұл мәселені журналист Әлия Әшім зерттеп көрді.