«Таңшолпан» төрінде ақын Маржан Ершу  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» төрінде ақын Маржан Ершу  (ВИДЕО)

19.04.2017

«Таңшолпан» студиясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағы және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершу қонақта болды. Ол 15 сәуір туған күніне орай жырсүйер қауым үшін арнайы «Мен тас едім, су түбінен қозғалдым...» атты жыр кешін ұйымдастырған. Бағдарлама барысында ақын өз кешінің ерекшелігіне тоқталып, онда «Қыздар» атты поэмасын оқып бергендігін жеткізді.

Сонымен қатар, Маржан Ершудың әдебиеттегі лақап атының «Әйек» болуының себебі айтылды.

Ақын Атырау облысының әнұранын да жазған. «Ол ән 1996 жылы шықты. Ол кезде мен студент болатынмын. 21 жыл өтсе де атыраулықтар ол әнді жақсы біледі», дейді.

Хабарламаларға жазылу