Бүгінгі «Басты тақырып» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналды. Студия қонағы медиасарапшы, журналист Амангелді Құрметұлы мақалаға қатысты пікірін білдірді.
«Негізі әр халықтың тарихында жаңғыруға, жаңаруға деген ұмтылыстар болып тұрады. Арғы тарихтан бастар болсақ, ғұн дәрінде де халықты жаңартуға ұмтылған әрекеттер болды.
Мысалы, бізге белгілі ғұндардың ең атақтысы Мөде болса, оның әкесі Тумынның тұсында ғұн халқы қазіргі сары жазықтан Қытай жерінен Гоби шөлін кесіп өтіп, солтүстікке қарай өтті де, сол жақта үлкен мемлекет құрды. Яғни, көшпенділердің мемлекеттілігінің бастау негізін қалады.
Бұл жаңғыруға ұмтылу ма? Ұмтылу. Сол заманның талаптарына сәйкес әрекет етуді, басқа көрші халықтарға жұтылып кетпеуге тырысуды көруге болады бұдан»,-дейді журналист.