22 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Анашым, мені қалдырма...» көркем фильмінің көрсетілімі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Анашым, мені қалдырма...» көркем фильмінің көрсетілімі басталады

20.04.2017
22 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Анашым, мені қалдырма...» көркем фильмінің көрсетілімі басталады

Оқиға желісі қиын жағдайда жалғыз қалған әйелдердің тағдыры жайында баяндайды. Соңғы кезде  шарасыз күйге түскен қыз-келіншектерден қоғам да, тіпті жақындары да теріс айналып жататыны белгілі. Олар барарға жер таппай,  түрлі жағдайларға ұшырап, ауыр азаптарымен оқшау қалады.

 

Бұл әлеуметтік драма түрлі себептермен дүниеге некесіз сәби әкелген әйелдерге қатысты жағымсыз стереотиптерді бұзып, сәбилерді жетімдіктен құтқаруды, рухани және отбасылық құндылықтарды қайта жаңғыртуды мақсат етеді.

 

Телехикаяда ата-ана мен баланың қарым-қатынасы,  тұрмыстағы  зорлық-зомбылық, тәлім-тәрбиенің әсері, адамгершілік пен жауапкершілік сынды өткір әлеуметтік мәселелер қозғалады.  Оқиғалар мен кейіпкерлердің образдары  шынайы өмірден алынған.

 

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы әлеуметтік тақырыптар мен қоғамдағы мәселелерді көрсетуді жалғастыра отырып, көрерменді бейжай қалдырмайтын 16 бөлімнен тұратын «Анашым, мені қалдырма...» драмасын ұсынады.

 

Туындыны 22 сәуірден бастап сенбі, жексенбі күндері 15:10-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу