Азаматтық некенің соңы неге алып барады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтық некенің соңы неге алып барады? (ВИДЕО)

25.04.2017

Осы мәселе «Айтуға оңай...» бағдарламасында  талқыланды.  Бағдарлама кейіпкері  Гүлнұр Майшыбаева  осыдан 3 жыл бұрын сүйген жігітімен бас қосқан. Бүгінде оның бар алданышы кішкентай  қызы. Ол заңды некеде тұрмаған соң қызынан әкесі бас тартып отыр.

Өзінің жұмыс жасауға денсаулығы да жарамайды. 9 жыл бұрын жол апатына түсіп, бір аяғы екіншісінен қысқарып қалған. Оның үстіне сол қайғылы оқиғадан кейін талма ауруына шалдыққан. Дәрігерлер эпилепсия диагнозын қойған. Енді, Гүлнұр ең болмаса қызына өз әкесінің тегін алып бергісі келеді.

Басындағы оқиғаны айтып, Гүлнұр Майшыбаева   «Айтуға оңай...» бағдарламасына көмек сұрап келді. Бүгінде күйеуі екінші рет отбасын құрған. Қызына ешқандай алимент те төлемейді.

Хабарламаларға жазылу