Аскер Пириев: Еліміз өркениетті 30 мемлекеттің қатарына қосылғысы келсе, әрбір азамат бәсекеге қабілетті болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аскер Пириев: Еліміз өркениетті 30 мемлекеттің қатарына қосылғысы келсе, әрбір азамат бәсекеге қабілетті болуы керек

26.04.2017

«Басты тақырып» бағдарламасының бүгінгі қонағы- Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Аскер Пириев. Аталған бағдарламаның бүгінгі шығарылымы рухани жаңғыру, тұрақтылық пен бірлік төңірегінде болды.

 

Студия қонағы Елбасының қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы,  оның осы жылғы тақырыбы жайлы айтып өтті.

 

«Қазіргі таңда рухани жаңғыру мәселесі тақырып ретінде өте маңызды. Себебі, технология күн санап дамып жатқан уақытта «18 миллион халқы бар Қазақстанның бүгіні мен ертеңі не болмақ?» деген сауал туындайды. Әрине, қандай да бір экономикалық өрлеу немесе саяси жаңғырудың іргетасын қалайтын нәрсе – ол тұрақтылық, бірлік және келісім. Сәйкесінше, бүгін біздің Ассамблеяның XXV сессиясындағы басты тақырып – «Тұрақтылық, бірлік, келісім – жаңғырудың негізі» болды», дейді.  

 

Сондай-ақ, студия қонағы бүгінгі жиында Елбасының қазақстандық жастардың білімді болуына көңіл бөлуі өзіне ой салғанын атап өтті.  

 

«Еліміз келешекте өркениетті, дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылғысы келсе, қоғамның, сол қоғамдағы әрбір адамның бәсекеге қабілетті болуы өте маңызды», - дейді ол.

Хабарламаларға жазылу