«Парасат майданы» бағдарламасының кезекті шығарылымында Шекспир мұрасы талқыланды. Осыған орай белгілі режиссер Болат Ұзақов пен театр сыншысы Назерке Жұмабай қонақта болып, ойларын ортаға салды.
Бағдарламаға «Ессіздіктің логикасы» тақырыбы қойылды. Себебі, ессіздік Шекспир кейіпкерлерінің басты қасиеттерінің бірі.
«Уильям Шекспир осыдан 400-450 жыл бұрын драматургия әлеміне келді десек, содан бастап бүгінге дейін оның бірде-бір шығармасы театр репертуарынан, адамзаттың сұранысынан ешқашанда алшақтаған жоқ. Ешкім жалыққан емес. Бүгінге дейін қазақ театрларының ешбірі Шекспирден аттап өткен емес. Әрбірінің репертуарында кемінде 2 шығармасы жүреді», - дейді театр сыншысы Назерке Жұмабай.