Астана процесінен не күтеміз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана процесінен не күтеміз? (ВИДЕО)

03.05.2017

Сириядағы атысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерге арналған сұхбат барысында студия қонағы Жұмабек Сарабек маңызды шарадағы Қазақстанның рөлін айтып берді.

«Қазақстан бұл жерде имидждік дивиденттер іздеп отыр деп айтпас едім. Келіссөздер орны ретінде неге Астана таңдалып отыр? Себебі, Қазақстанның Сирия қақтығысына қатысты ешқандай тараппен мүддесі бір емес. Яғни, біз бейтарап мемлекет ретінде өз территориямызды ұсынып отырмыз. Ал, Сирия оппозициясы өкілдерінің ұсынысымызды қабылдап, Астанаға келуі  жақсы құбылыс деп ойлаймын».

Астана процесінен не күтеміз деген сауалға тоқталған сарапшы: «күн тәртібіндегі басты мәселе – осы күнге дейін қол жеткізілген прогресті жоғалтып алмау»,-дейді.

Еске сала кетейік, бүгінгі «Басты тақырып» Астанада өтіп жатқан Сириядағы атысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерге арналды. Студия қонағы – Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек.

Хабарламаларға жазылу