2016 жылы елімізде тіркелген 149 мың отбасының 53 мыңы ажырасып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылы елімізде тіркелген 149 мың отбасының 53 мыңы ажырасып кеткен

06.05.2017

2016 жылы елімізде 149 мың неке тіркелсе, 53 мыңы ажырасып кеткен. Қазір алимент төлемей, ардан да, заңнан да аттап жүрген 27 мың азамат бар. Олардың балаларына берешегі – 2 млрд. 600 млн. теңге.

Бұрын алимент төлеушілер «жұмысым жоқ» деп, төлемеудің амалын қылатын. Қазір бұл айла тиімсіз. Жұмыссыз жүргендер де еліміздегі белгіленген орташа айлықтың 25 пайызын төлеуге міндетті.

Ал, тауып берген кәсіпке келмегендерге жаза ауыр – бас бостандығынан айыру. 2016 жылы республика бойынша 106 адамға үкім шыққан, 2017 жылдың І тоқсаны бойынша жазаға тартылғандар саны - 1 адам.

Хабарламаларға жазылу