Ғарифолла Есім: Өмірден түйгенім – өмір азап һәм қызық әрі ғажап - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғарифолла Есім: Өмірден түйгенім – өмір азап һәм қызық әрі ғажап

08.05.2017

Бүгін, Жеңіс күні мейрамы қарсаңында «Таңшолпан» бағдарламасына философия ғылымдарының докторы, профессор, ғалым Ғарифолла Есім қонаққа келді.

Ғарифолла Есім сұхбат кезінде өзінің жеке өміріне тоқталып, Жеңіс күні мейрамын тойлауға, бүгінгі қоғамда жастарға бағыт-бағдар көрсетіп отыратын ақсақалдардың рөлі мен оның маңыздылығына қатысты өз пікірін білдірді.

«Соғыс біздің жанұяны жайпап өтті. Әкем екі бауырынан айырылды. Біреуінен хат келсе, екіншісі хабарсыз. Жалпы соғыстан оралғандарының бәрі мүгедек болып келді. Соғыстан аман қайтқан адам жоқ... Сонда әкем осы Жеңіс күні мейрамын тойлап жатқан кезде «Қарақтарым Жеңіс күнін қалай тойлайсыңдар?! Біз қырылып қалдық қой» деп үнемі айтушы еді. Ол кісі Жеңіс күні мейрамына басқаша көзқараспен қараушы еді».

Сонымен қатар, атақты ғалым жалпы өмір жайлы, одан түйгені туралы да әңгімелеп берді.

«Өмірден түйгенім – өмір азап һәм қызық әрі ғажап», - деп жауап берді.

Хабарламаларға жазылу