«Жаужүрек полкі» азаматтық қозғалысының үйлестірушісі Аида Баймақова «Таңшолпан» төрінде қонақта, шараның ерекшелігімен бөлісті.
«Жеңіс күні - отбасымыз үшін өте маңызды мереке. Өйткені, атам соғыс ардагері. Оны көрмесем де, атамның өмірлік жолы - бізге үлгі», дейді Аида Баймақова.
Жалпы, «Жаужүрек полкі» шарасы 2015 жылдан бастап Астана қаласында өтуде. Онда соғыс ардагерлерінің ұрпақтары жауынгерлердің фотосын алып шығып, оларға құрмет көрсетеді.
Шара үйлестірушісі бағдарлама барысында «Жаужүрек полкін» өткізуге қолдау көрсеткен Астана қаласының ішкі саясат басқармасы мен әкімдігіне ризашылығын білдіргісі келетіндігін жеткізді.
«Бүгінгі өткелі жатқан шараға кез кезген адам қатыс алады. Жиналу уақыты 12:00-13:00 аралығы. Ол «Қазақ елі» монументінен басталып «Отан қорғаушылар» алаңында аяқталады», деді студия қонағы.