ЭКСПО көрмесіне Нобель сыйлығының иегерлері қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО көрмесіне Нобель сыйлығының иегерлері қатысады

11.05.2017

19-20-шы маусымда ЭКСПО  көрмесі аясында Дүниежүзілік ғалымдар мен инженерлер конгресі өтеді.  Мұндай конгресс Орталық Азия бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.  «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдістері» тақырыбында өтетін халықаралық жиынға 50 елден  1000-ға жуық делегат келеді. Сол делегаттың ішінде Нобель сыйлығының 4 иегері бар.

«Таңшолпан» журналисті Әлімбек Келдібай халықаралық көрмеге дайындық барысын  және көрме аясында ашылғалы жатқан орындармен тікелей байланысқа шығып баяндап берді.

Хабарламаларға жазылу