ЭКСПО көрмесіне орай Есіл өзенінде кемемен жүзу маусымы ерте ашылды. Сағат 11-ден бастап кез келген Астана тұрғындары мен қонақтары серуенге шыға алады. Жүзу маусымына дайындық барысын «Таңшолпан» тілшісі Арайлым Ғазизқызы айтып берді.
«Биылғы қозғалыс маршрутында ешқандай өзгеріс жоқ. Маршрут «Сарыарқа» көпірінен Ақордаға дейін. Одан кейін кеме айналым жасап, қайта оралады. ЭКСПО кезінде түнгі мезгілде кемелермен серуен жасау жоспарда бар», - дейді кеме капитаны Ерәлі Алмас.