«Жеті - қазақтың қасиетті саны. Канадаға бармас бұрын бір үлкен отырысқа барғанымда Дәурен Үмбетов атты ағамыз ақылын айтып, «Сен Батыр осы «777» деген лақап атпен шығып көр, жеті санының мағынасы үлкен деп ұсыныс тастаған болатын. Сол ағамыздың ақылын тыңдап, осы лақап атпен бастадық», - дейді ол.