«Әйел бақыты». Нұржан Тағаев: Бала болсам да, анамды соңғы рет көргенімді сездім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Нұржан Тағаев: Бала болсам да, анамды соңғы рет көргенімді сездім (ВИДЕО)

15.05.2017

13 жасында анасынан айырылған Нұржан осы жылдың басында әкесінен де айырылды. Студияға келген ол өз оқиғасымен бөлісті.

 

«Отбасында әпкем екеуміз. Әкем жуырда қайтыс болды. Анамның қайтыс болғанына 10 жыл.

Ес біліп, мектеп оқып жүрген кезім. Әр ата-ана баласын асырап, жеткізуге тырысады. Анам сол кезде кішігірім бизнеспен айналысып жүрді. Сол уақытта Өзбекстаннан Қазақстанға туыстардың тойына баратын болдық. Тойға келдік, бәрі жақсы өтті. Бірақ, бала болсам да, сол кезде анамды соңғы рет көргенімді сездім. Өйткені, бір қимастық болды. Сөйлеген сөзіне тоймадым.

Ертеңінде үйге қайтатын болдық. Ата-анаммен бірге отырып, шай іштік. Анамның «Балам, мен саған риза болдым», деген сөзі таңқалдырды. Анам жолға шықты. Мені біраз уақыттан кейін көлік қағып кете жаздады. Алайда, сол уақытта анам жол апатына түскен екен. Біз ол туралы білмедік.

Емтихан тапсырып болған соң, анама бардым. Алайда анам онда болмады. Туыстарым менен «Анаң қайда?» деп сұрады. Сонда олар да анамның жол апатына түскеніне 1 апта болғанын білмеген.

Ешкімнен көмек сұрамадым. Өзім ұмтылдым. Сөз естігім келмеді. Анам – алтын. Біреуден кем қылмай бағып, асырады. Адамдарға «Ананың қадіріне жетіңдер. Қолда барда аналарыңды сыйлаңдар, тойып иісін иіскеңдер!» дегім келеді», - дейді Нұржан.

Хабарламаларға жазылу