Қытайдың Жаңа жібек жолынан Қазақстан қандай табыс көреді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Жаңа жібек жолынан Қазақстан қандай табыс көреді?

15.05.2017

Бүгін - Қытайдың Бейжің қаласында 28 елдің басшылары мен премьер-министрлерінің қатысуымен өтіп жатқан «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумының екінші күні. Оған Қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.

 

Бүгінгі «Басты тақырып» халықаралық жиын аясында әңгіме қозғады. Студия қонағы – саясаттанушы Камал Бұрханов.

 

Сарапшылардың бір тобы «Қытай бұл үлкен форум арқылы жаһандағы сауда-саттығын еселегісі келеді», десе, ендігі топ «геосаясаттағы ықпалын арттырғысы келеді», дегенді айтады.

 

Қытайдың Жаңа жібек жолын жаңғыртуы нақты кімдерге пайдалы? Ресей сарапшылары «бұл Мәскеудің ықпалын төмендетеді» дегенді алға тартып отыр. Ал, Қазақстан бұдан қандай табыс көреді?

 

«Бір белдеу, бір жол»  жоба ретінде 2013 жылы басталған. Қазір үлкен стартегияға айналды. Мұның мәнісі неде?

 

«Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бұл жоба туралы Қазақ жерінде, Астанаға келіп Назарбаев университетінде жариялаған болатын. Үлкен стратегияға айналғандығы  - бұл идеяның кеңейгендігі», - дейді сасяаттанушы.

 

Сұхбаттың толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу