Ата-бабамыз ежелден қан тазалығына қатты көңіл аударған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында» да бұл бұзылмайтын ереже болып белгіленген. Бірақ, ел арасында ағайындылар арасында ғашық болу жайттары кездескен. Соның бірі – атақты Қалқаман мен Мамырдың оқиғасы. Тіпті ол оқиға туралы кезінде Шәкәрім бабамыз үлкен дастан жазған.
69 жастағы тарихшы Қайырбек Исақанов осы оқиғадан бастап, қан тазалығына қатысты өз пікірімен бөлісті.
«Негізгі мамандығым тарихшы. Құқық қорғау орындарында қызмет жасадым, қазір зейнеткермін. Махаббатта шек жоқ. Екі адам ғашық болғанда адам барлығын да ұмытады. Алайда, қан тазалығы туралы ұмытпау керек.
Немере, ұл-қыздарымыз алыстан алысып, үйленсе келешек ұрпағымыз саналы, ойлау қабілеті жоғары, мықты болып туады. Сонда ғана мемлекетіміздің негізі қатаяды.
Ағайын, туыстан, жақыннан қыз алысу туған баланың әлсіз, нашар болуына әкеп соқтырады.
Қан тазалығы - келешек ұрпақтың сау, білімді болуының кепілі», - дейді тарихшы.