«Айтуға оңай...». Қарлығаш Хасенова: Баспанасызды үйге кіргізіп, үйсіз қалдым (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Қарлығаш Хасенова: Баспанасызды үйге кіргізіп, үйсіз қалдым (ВИДЕО)

18.05.2017

Бағдарламада түрлі алаяқтардың арбауына түсіп қалған адамдардың мәселесі қозғалды.

Қарлығаш Хасенованың Алматы қаласы Алмалы ауданында үйі болған. Ол 2011 жылы Галинера Каріпбековамен танысады. Басына түскен бар қиындығымен айтып, жақын құрбысына айналған бөгде әйел Қарлығашты бапанасына бірге тұруға көндіреді.

Кейін сенімге кірген алаяқ әйел «кәсіп ашып, мал ұстайық» деп Қарлығаштың үйін сатқызып жіберген. Үй сатылғаннан кейін Қарлығаш бар қаржыны Галинера Каріпбекованың қолына береді. Ол болса «кәсіпке жұмсап жатырмын» деп ақшаны оңды-солды шашады.

Ақырында алданғанына көз жеткен Қарлығаш құрбысын үйінен қуып шығады. Галинера сол кеткеннен қарасын көрсетпей кеткен. Ал, Қарлығаш ақшасын алып кеткен әйелді таба алмай жүр.

«Басымда үйім болды. Отбасым бар, анам, күйеуім бар. Кішкене кәсібім бар. 2010 жылы Галинера Каріпбековамен таныстым. «Қызым бар, үйім жоқ, үйіңе тұрайық, бизнес бастайық» деді. Мен қуандым. Содан бір жылдан аса менімен тұрды. Сырымыз жоқ еді. Балаларына құжат жасап, мектепке орналастырдым.

Жақсылығым тисін дедім, сендім. Оның сотталғанын да білдім. Бірақ сендім. Сөйтіп, далада қалдым», - дейді Қарлығаш.

Хабарламаларға жазылу