Саясаткер Қытайда өткен «Бір белдеу, бір жол» форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысына қатысты да пікір білдірді.
«Қазақ басшысының форумға барып, бастама көтергені өте дұрыс. Кез келген мемлекет ондай оқиғалардан қалмауы керек. Президент айтқан 5 бастаманың біразы құптарлық. Жүзеге асуы қалай болатынын білмеймін. Себебі, бізде елбасы жақсы бастамалар айтқанымен, өкінішке қарай, соңы сиырқұйымшақтанып кетеді. 1-2 жылдан кейін арнайы органдар ол бастаманың орындалып жатқаны туралы есеп бермейді.
Қазақстанның Қытайда өткен форумға қатысуының өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені, көп мәселе өзге елдің көшбасшыларымен жүздесу, жеке кездесуде шешіледі. Егер біздің делегация ұтымды жұмыс жасаса, кейін оның жемісін көруіміз мүмкін. Бір нәрсе айқын. Қазақстан геосаяси бастамаларда көбінесе өзінің мүмкіндігіне қарап, бастама көтеруі керек»,-дейді Әміржан Қосанов.
Хабарда сондай-ақ, Президенттің мақаласына қатысты ой айтылды.