Кезінде өнерге жаңа адамның келуі құбылыс ретінде қабылданатын. Ал, осы күндері ше? Ән де көп, әнші де көп. Әншінің көбеюіне не себеп? Неге екінің бірі әнші болғысы келеді?
Жақында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының депуттармен кездесуінде Парламент Сенатының депутат Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстанда әншілердің фонограммамен ән салуына тиым салуды ұсынды.
ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева студия қонағы болып, осы мәсеге қатысты өз пікірін білдірді.
«Телевизиялық түсірілімдерде, стадиондарда жанды дауыспен ән айту мүмкін емес. Сахнада ән айтып, көрермендерге қарай 15-20 метр алыстағанда оркестр мен дауыс екеуі келіспей қалады. Сондай проблема болса, мен де фонограммамен айтамын.
Мен сахнаға шыққан кезде көрерменмен әнші ретінде сырласуға шығамын. Әрбір нотам, сөзім менің жан жүрегімнен шығып, көрерменге жеткенде, онымен бірге энергетика пайда болады.
Қазір өкінішке қарай, халық фонограммаға үйренді. Көрерменді солай тәрбиелеп жібердік. Неше мың теңгелерін төлеп, концертке де бара береді. Шетелде ондай әншіні соттап жіберетін еді. Ал, бізде ол - норма. Фонограммамен ән айту - көрерменді алдау», - дейді әнші.