Әлемдегі 7,5 миллиард адамның 3,5 миллиарды күн ұзаққа ғаламторға телміріп отырады. Оның 50 пайызы тәуліктің кемінде 1,5 сағатын интернет арқылы сөйлесумен өткізеді. Әр секунд сайын 8 адам қандай да бір әлеуметтік желіге тіркеледі.
Қазақстанда қазір 5 млн.нан астам адам түрлі желілерге тіркелген. Оның 3 млн. 300 мыңы - ғаламторды тұрақты түрде пайдаланатындар.
Ең көп қолданылатын әлеуметтік желілер реті: ВКонтакте, Instagram, Мой мир, Facebook, Twitter.
Игілікті тұсы: елімізде Instagram мен Facebook желілері арқылы жылына мыңдаған адам қайырымдылық шараларына, акциялар мен түрлі үндеулерге атсалысады. Ал, әлемде сағат сайын Facebook арқылы 4,5 миллион адам қандай да бір іс-шараларға шақырту алады.
«Бүгінгі таңда БАҚ ретінде тіркелген 35 желі бар. 223 ақпарат агенттігі ресми тіркелген. Сайт ашу үшін қазір ешкімге, ешқандай шектеу жоқ. Тек терроризм мен экстремизм, порнография мен қатыгездікті насихаттайтын сайттар бірден бұғатталады», - дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілі Михаил Комиссаров.