Қолөнер шебері, өлкетанушы Шөптібай Байділдин «Бүгін жексенбіде» қонақта болып, осы өнердің қыр-сырымен бөлісті. Оның мақсаты - ою-өрнекті халықтың пайдасына жарату.
2006 жылы «Өнер» баспасынан шебердің 350 оюмен бір кітабы шыққан. «700 ою бердім, 350-і «Өнер» баспасында күні бүгінге дейін тұр. 1200 оюды 2014 жылы Мәдениет басқармасына тапсырдым. Соны ЭКСПО көрмесіне үш тілде шығару жөнінде бірнеше жерге өтініш жасап айтқанмен, қаржының жоқтығынан тоқтап тұр», - дейді Шөптібай Байділдин.
Сонымен қатар, 2000-нан астам ою-өрнектің авторы идеяны қайдан алатынын да айтты.