Ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов біраз уақыт бойы Пхукет аралында тұрады. Бүгін бағдарлама барысында Әлем чемпионы сұхбат берді.
«Жаздың екінші айында Шанхай қаласында жарыс өтеді. Сол жарсықа дайындық алдындағы демалыстамын. Қасымда достарым бар. Қазір басым бос. Әкем «балам спортшы болса» деп армандаған еді. Мен 15 мемлекетте өнер көрсеттім. Әке-шешемнің ол арманы орындалды.
Енді ата-анамның тағы бір қалауын орындап, үйленіп, бала сүйгім келеді. Достарымның барлығы отбасылы. Мен сыртта жүрген соң, қазір үйлену қиындау. Алайда, 1-2 жылда жанұя құру ойда бар», - дейді спортшы.