Бүгін – жазушы, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың 80 жылдық мерейтойы. Жазушы бағдарлама қонағы болып, өміріндегі қызықты жайттарымен бөлісіп, құттықтаулар қабыл алды.
«Тәуелсіздікпен бірге келген жақсылығымыз көп. Көпті көрдік, 80 жас - аз емес. Қазір телеарналарда арзан сөз, арзан күлкі қаптап кетті. Солардың қасында қазақтың егіз киесі - домбыра мен қобызымыз тасада қалып бара жатыр», - дейді жазушы.