«1 студия».Қазақстанның көпвекторлы саясаты өзін қаншалықты ақтады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«1 студия».Қазақстанның көпвекторлы саясаты өзін қаншалықты ақтады?

28.05.2017

1992 жылдың наурызында Қазақстан БҰҰ-ның 168-ші мүшесі болып қабылданды. Бүгінгі Тәуелсіз елдің әлем елдерімен дипломатиялық байланысы осы кезден бастау алды. Содан бері еліміз шет мемлекеттермен қарым-қатынасында көпвекторлы саясатты ұстанып келеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен көптеген аймақтық және халықаралық ұйымдар құрылды. Оның сыртында әлемдегі кикілжің туындап, соғыс оты шарпыған елдерде бейбітшіліктің орнауына ықпал етіп отырған бірден-бір ел екені де даусыз.

 

«Осы көпвекторлы саясат өзін қаншалықты ақтады? Елдік мүдде, мемлекет мұраты, ұлттың ұпайы сол көпвекторлы саясаттың көлеңкесінде қалып қойған жоқ па? Жан-жақты саясат елге қандай пайда берді?», деген сауалдар бүгінгі «1 студия» саяси ток-шоуында талқыланды.

 

Қоғам қайраткері, елші Әділ Ахметов:

Көпвекторлы саясат өзін-өзі ақтады. Себебі, қазір Қазақстан - БҰҰ-ның ең беделді мүшелерінің бірі. Оның сыртында Еуразиялық экономикалық одаққа, ДСҰ-ға мүше. Кез келген елмен еркін сауда, дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға толық құқылы. Сондықтан, бұл саясатты жалғастыру керек.

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов:

Көпвекторлы саясат ұлттық мүддеге үлесін қосуда. Қазір біз бұл саясаттың екінші кезеңіне өтіп жатырмыз. Бірінші кезеңде Қазақстан мүдделі болса, қазір керісінше, басқа мемлекеттер біздің осы бағытты ұстануымызға мүдделі.  

Саясаттанушы Қазбек Майгельдинов:

Көпвекторлы саясатты ұстанудың басты бір себебі – қажеттілік. Геосаяси жағынан алсақ, Қытай, Ресей, Орта Азия мемлекеттерімен көршілес орналасқанбыз. Көпвекторлы саясаттың кері жағы, мұны бір елдің ықпалында кетіп қалу деп түсінетіндер бар. Сыртқы саясаттың басымдығы да сол - көршілес, шекаралас мемлекеттермен байланыста. Орта Азиядағы қауіпсіздік, Еуразия төңірегіндегі экономикалық даму осы мемлекеттерге қатысты болғандықтан, біз алдымен көрші елдерге басымдық береміз. 

Ал, журналист-сарапшы Асқар Құмыран Қазақстанның көпвекторлы саясатын әлемдік БАҚ-тар дұрыс бағалайтынын, транзиттік, логистикалық байланыстағы жетістіктеріміз осы бағыттың арқасында жүзеге асып отырғанын айтады. 

Хабарламаларға жазылу