Кооперативке біріккен шаруаларға мемлекеттен жеңілдік бар ма? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кооперативке біріккен шаруаларға мемлекеттен жеңілдік бар ма? (ВИДЕО)

30.05.2017

Төлеутай Рақымбеков: «Кооперативтер не үшін құрылып отыр. Бұл – тұтыну кооперативтері. Ауылда өндірілген өнімді өткізу кез келген кәсіпкердің негізгі проблемасы. Сол өнімді өткізу үшін керек кооперативтер. Ал, кооперативтерге ең алдымен керегі – жабдық. Мысалы, сүт қабылдау жабдықтары, ет сою бекеттері, көкөніс қабылдайтын орындар.

Мұны сатып алған кезде мемлекет 6 пайызбен береді. Екіншіден, осы жабдықтардың құнының 50 пайызын мемлекет тағы да инвестициялық субсидия ретінде қайтарады. Үшіншіден осы субсидияның өзі лизингінің кепілдігі ретінде қабылданады. Яғни, бұл лизинг үшін кооператив кепілдік бермейді. Мұны кепілсіз несие беру деуге болады».

Хабар барысында кооперативтерге деген сенімсіздік турасында сөз болды.

 

Хабарламаларға жазылу