«Байқоңыр» - бүгінде әлемдегі ең ірі үш ғарыш айлағының бірі. Айлақтың ашылғанына биыл - 62 жыл. Осы аралықта 1500-ден аса сәтті ұшырылымдар жасалды. Бұл дегеніңіз әрбір үшінші жер серігі дәл осы Байқоңырдан аттанғанының айғағы.
Ал, 1955 жылдың 2-ші маусымы ғарышкерлер класының ресми ашылған күні. Қалашық іргесі қаланғалы атауын бірнеше мәрте ауыстырды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағын салу үшін бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қолайлы қону факторлары ескерілді. Сонымен қатар, ауа райының жылдың 300 күні ашық болатындығы да назарда болды.