Жүктілік – әйел құрсағындағы ұрықтың пайда болуы.
I-триместр – 1-13 апта арасындағы қандағы «В9» дәруменінің мөлшерін қадағалау қажет. Өйткені, фолий қышқылы нәрестенің ми жүйесінің дамуына қатысады. Жүктіліктің алдында бір ай бұрын дәріханадан фолий қышқылын алып, ішу қажет.
I-триместр - ең қауіпті кезең. Себебі, нәрестенің барлық ағзалары түзеледі. Сондықтан, қатты күйзеліске ұшырамай, тұмаумен ауырмай, суық тиюден сақ болу керек.
II-триместр - 14-27 апта. Бұл кезде йодқа бай тағам қажет. Не үшін? Йод баланың сүйек қаңқасының дұрыс жетілуіне және ми жұмысының жетілуіне қатысады.
III-триместр – 27-40 апта. Бұл кезде темірге бай тағамдарды пайдалану қажет. Бұл анемияның алдын алып, құрсақтағы баланың дұрыс жетілуіне, туу мен болашақ ананың босану әлсіздігінің алдын алады.
Ең маңызды дәруменнің бірі – «Д» дәрумені. Ол - нәрестедегі рахиттің алдын алып, сүйек қаңқасының дұрыс жетулуіне ықпалын тигізеді.