Ертең 15:30-да «Қазақстан» Ұлттық арнасы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді.
Басты қонақ – аңызға айналған актер Джеки Чан. Салтанатты шарада актер көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты фильмін тарту етеді.
Шараның бас ұйымдастырушылары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.
Айта кетейік, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.