Мектеп бітіру кешіне ата-аналар кейбір шағын мемлекеттердің бюджетіне пара-пар ақша жұмсайды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп бітіру кешіне ата-аналар кейбір шағын мемлекеттердің бюджетіне пара-пар ақша жұмсайды (ВИДЕО)

11.06.2017

Түлектердің түн ұйқысын төрт бөлетін тағы бір міндетті шараның бірі - мектеп бітіру кеші. Оны биыл мектеп бітірушілер 11-ші маусым мен 15-ші маусым аралығында толық тойлап болуы керек.

Кешегі  оқушылардың қалауын орындау үшін қыруар қаржының рәсуа болатыны да жасырын емес.

Мамандардың айтуынша, бітіру кеші дейтін рәсімге қазақстандық ата-аналар Қырғызстан, Тәжікстанның бюджетіне пара-пар ақша жұмсайды. Ал, мектеппен қоштасу кеші деген әлемнің көптеген елдерінде  мүлдем жоқ екен.

«Мектеп бітіретін баланың басты мақсаты мен арманы ең алдымен оқуға түсу болуы керек еді. Бірақ, оқуға түсем бе, түспеймін бе деген арман екінші, бірінші келістіріп оқу бітіргенді тойлап алу».  Бұл - ұстаз Аятжан Ахметжанның пікірі.

Осы мәселені журналист Нұрбек Бекбау зерттеп көрді.

Хабарламаларға жазылу