«Әйел бақыты». Нұртас Айдарбеков: Танымал адамның әкесі болу өте қиын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Нұртас Айдарбеков: Танымал адамның әкесі болу өте қиын (ВИДЕО)

13.06.2017

Қайрат Нұртас бала күнінде қандай еді? Әкесі баласына қатал болды ма? Жұлдыздың әкесі болу қалай екен? Осы және басқа сұрақтарға танымал әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков жауап берді.

«Мен айтқанда, сенетіні де, сенбейтіні де бар. Бірақ, танымал адамның әкесі болу өте қиын. Өйткені, «халықтың адамы» деген атақ бар. Халықтың адамы болған соң, халықтың көзі де сенде болады.

Үш ұлым бар. Ер бала болған соң, балаларымды қатал ұстадым. Әлі күнге дейін солай. Әсіресе, Қайрат ұлдардың үлкені болған соң, көп ұрыстым, жұмсадым. Өнер адамында тәрбие болмаса, құр өнер аздық етеді», - дейді Нұртас Айдарбеков.

 

Хабарламаларға жазылу