«Айтуға оңай...». Балғынбек Бахтияр: «Қолым болса» деп армандаймын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Балғынбек Бахтияр: «Қолым болса» деп армандаймын (ВИДЕО)

14.06.2017

11 жастағы Балғынбек осыдан екі жыл бұрын болған жағдайды есіне алғысы келмейді. Оқиғаның қалай болғанын өзі де аңғармай қалған. Достарымен трансформатордың маңында ойнап жүрген ол қауіпті аймаққа қалай кіріп кеткенін сезбей қалған. Кенеттен Балғынбектің шыңғырған дауысы естіледі. Достары оны екі жағынан сүйреп, үйіне алып келеді.

Ол үйдің тұңғышы. Өзінен кейін қарындасы мен екі егіз інісі бар. Балғынбек мектепке де бармайды. Себебі, дәрігерлер жарамсыз болып қалған екі қолын кесуге мәжбүр болған. Бауырлары ағасының қиналғанын көріп мұңайады.

Балғынбектің прманы көп еді. «Ақын, жазушы болсам» деп еді. Алайда, қазір оның бір ғана арманы бар. Ол – қолына протез салып, ел қатарлы өмір сүру.

Хабарламаларға жазылу