Кәсіпкерлер көбіне кімдерден құқай көреді?
Нұржан Әлтаев: «Ең көп кедергі жергілікті атқарушы органдардан құрылысқа рұқсат алу мәселелері бойынша болады. Екінші орында - жер алу мәселелері. Бір кәсіпті бастағанда оған жер керек, ғимарат салу керек қой. Осы арада рұқсатнама құжатын алу мерзімі бір, бір жарым жылға дейін созылып кетіп жатады. Үшінші орында – салық органдары».
Еске сала кетейік, бүгінгі «Басты тақырыпта» «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы қонақта болды.