«Күзет қырандарын» қазылар алқасы алғашқы кезеңнен-ақ ерекше дайындалып, үздіктердің қатарында жүрген топ екенін айтып келеді.
Топ мүшелері: «Соңғы сында ең мықты командалар қалды. Олар жақсы дайындалса, біз екі есе жақсы дайындаламыз».
Финалдық бәсекеге үнді стилінде қойылым қойып, үнді әндерінен попурри орындап шыққан топты көрермендер жылы қарсы алды.
Әбунасыр Серіков: «Біздің ғана емес, көрермендердің де көңілі көтеріліп, орындарынан тұрып билет кетті. Ән айта жүріп, билеу қиын. Сіздердің жылдамдықтарыңызға, актерлік шеберлік теріңізге тәнті болдым».
Жанар Айжанова: «Мен бұл топқа өте ризамын. Үш айналымды бір-біріне ұқсамайтын үш түрлі өнер көрсетті. Меніңше, нағыз финалдық шоуды көрсеттіңіздер».